Бұл күн қоғам назарын онкологиялық аурулардың алдын алу, ерте анықтау және тиімді емдеу мәселелеріне аударуға бағытталған. Қатерлі ісікпен күресте профилактикалық шаралардың маңызы зор. Уақытылы медициналық тексеруден өту, салауатты өмір салтын ұстану және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті.
