ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

 


Өткізіліп отырған жұмыстың мақсаты — медицина қызметкерлерінің Негізгі заңға енгізілетін негізгі өзгерістер туралы хабардарлығын арттыру.
Партия өкілдері референдумның басты мақсаты — халықтың пікірін ескере отырып, ел болашағына тікелей әсер ететін шешім қабылдау екенін атап өтті. Референдум әр азаматқа өз ұстанымын білдіруге және мемлекет дамуына үлес қосуға мүмкіндік беретін маңызды демократиялық құрал екені айтылды.
Әсіресе Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістерге ерекше назар аударылды. Бұл өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге және заң үстемдігін нығайтуға бағытталғаны түсіндірілді. Сондай-ақ бұл бастамалар мемлекет пен қоғам арасындағы өзара байланысты жаңғыртып, халық үніне құлақ асатын жүйені қалыптастыруға негіз болатыны атап өтілді.
Кездесу соңында №3 қалалық емханасының «AMANAT» партиясының төреғасы Конусова Б.С. ұжым мүшелерін 15 наурыздағы референдумға белсенді қатысуға шақырды. Сонымен қатар Конституцияға енгізілетін өзгерістерді қолдайтынын білдіріп, олардың ел болашағы үшін маңыздылығын атап өтті.
15 наурыздағы референдум — ел болашағы үшін маңызды қадам. Сондықтан белсенділік танытып, өз таңдауымызды жасау — әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.