Сіздерді 12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Адам жанына шипа сыйлап, үнемі көмекке асығатын, ақ халатты абзал жандардың еңбегі – өлшеусіз. Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз бен жүректеріңіздегі мейірім, төзім мен жанашырлық – қоғам денсаулығының тірегі.
Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасы амандығы мен қызметтеріңізге табыс тілейміз. Еңбектеріңіз еленіп, әр күніңіз қуаныш пен шынайы алғыстарға толы болсын!

Ізгі тілекпен: ҚДСБ №3 қалалық емханасы

3 қалалық емхананың фтизиатры Жарылкапова М.А және профилактика бөлімшесі СӨС медбикесі Аубакирова С.Х №18 гимназия және Алматы полиграфия колледжі оқушыларына туберкулездің алдын алу және оның таралуын болдырмау мақсатында профилактикалық дәріс өткізді. Дәріс барысында оқушыларға туберкулез ауруының белгілері, оның жұғу жолдары және аурудан сақтанудың маңызды тәсілдері түсіндірілді.

16 наурыз — Қазақстанда мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні ғана емес, сондай-ақ қазақ халқының терең тарихы мен бай мәдениетінің негізінде ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған маңызды күн. Бұл күні қазақ халқының салт-дәстүрлерін, ұлттық өнері мен қолөнерін, музыкалық мәдениетін және әдеби мұрасын құрметтеу мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Халықтық өнер көрмелері, концерттер, ұлттық ойындар мен мерекелік шаралар арқылы мәдениетіміздің тұтастығын сақтау мен дамытуға көңіл бөлінеді.
Бұл күн сонымен қатар жастарға ұлттық құндылықтар мен тарихымызды тереңірек таныстыруға, мәдениетке деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға бағытталған маңызды кезең болып табылады.

Ұлттық киім күні — бұл еліміздің дәстүрлі киімдерін, мәдениетін, ұлттық мұрасын қадірлеу және насихаттау мақсатында атап өтілетін маңызды мереке. Бұл күннің мақсаты — қазақ халқының ұлттық киімдерінің тарихи маңызын түсіндіру, оларды сақтау және жастарға ұлттық мәдениетті құрметтеуді үйрету. Ұлттық киім күні әрбір азаматтың өз мәдениетін бағалауға, салт-дәстүрлерді сақтау мен дамытуға деген жауапкершілігін арттырады.

14 наурыз – Көрісу күні немесе Амал мерекесі – халқымыздың көктем мерекесі. Бұл күн қыстың соңын, көктемнің басталуын, табиғаттың жаңаруын білдіреді. Амал мерекесінде адамдар бір-бірімен көрісіп, амандық тілейді. Мұндай дәстүр көктемнің келуімен байланысты болып, адамдардың бір-біріне деген жылы қарым-қатынасын нығайтуға бағытталған.