Бүгін №3 қалалық емханада LAB Technology қолдауымен қант диабетінің 2-типі бойынша есепте тұрған емхана пациентіне qMed AI жобасының өкілдері ұйымдастырған байқаудың қорытындысы бойынша глюкометр табысталды.
Байқау барысында пациент берілген тапсырмаларды тұрақты орындап, денсаулық көрсеткіштерін бақылап, бағдарламаға белсенді қатысты. Осы белсенділігі мен жауапкершілігінің нәтижесінде байқаудың жеңімпазы атанды.
qMed AI жобасының негізгі мақсаты — пациенттерді денсаулық жағдайын тұрақты бақылауға ынталандыру, өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру және аурудың асқынуларының алдын алуға бағытталған пайдалы әдеттерді дамыту.