№3 қалалық емханасының балалар фтизиатр дәрігері мен профилактика бөлімінің мейірбикесі №22 гимназия оқушыларымен «Туберкулезді жеңеміз!» ұранымен семинар өткізді.
Іс-шара барысында оқушыларға туберкулездің алдын алу жолдары, алғашқы белгілері, жұғу жолдары және дер кезінде тексерілудің маңыздылығы туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар салауатты өмір салтын ұстану – аурудың алдын алудың негізгі кепілі екені түсіндірілді.
Шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, туберкулездің алдын алу және ақпараттық сауаттылықты арттыру.
