ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

 


Профилактика бөлімінің дәрігері Қуандық С.Т. және медбике Аубакирова С.Х. №79 мектептің 6-сынып оқушыларымен «Иә! Біз туберкулезді жеңе аламыз!» тақырыбында танымдық семинар өткізді.
Семинар барысында оқушыларға туберкулез ауруының пайда болу себептері, жұғу жолдары, алғашқы белгілері және оның алдын алу шаралары туралы кеңінен ақпарат берілді. Мамандар аурудың алдын алуда жеке бас гигиенасын сақтау, дұрыс тамақтану, белсенді өмір салтын ұстану және уақытылы медициналық тексеруден өтудің маңыздылығын түсіндірді.