ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

 


Мақсаты: білім алушылардың интернет желісіндегі кибербуллинг туралы білімдерін кеңейту, медиа кеңістікте өзін-өзі қорғауға үйрету, психологиялық ахуалға оң ықпал ету, білім алушылардың ой-пікірін қайта қарастыруына, коммуникативтік стратегияларын қайта бағалауына және интернет кеңістігіндегі қарым-қатынас стратегиясы туралы түсінігін өзгертуге ықпал ету.Өткізілген іс-шара тақырыптың өзектілігін және интернет желісінде қауіпсіз әрі әдепті қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру бойынша профилактикалық жұмысты жалғастыру қажеттілігін көрсетті. Қатысушылар интернет-қорлауға тап болған жағдайда қолданылатын практикалық ұсыныстар мен іс-әрекет алгоритмдерін алды. Тренинг оқушылар ұжымындағы психологиялық ахуалдың нығаюына ықпал етті.