ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

 


Балалардың психикалық саулығын нығайту және суицидтің алдын алу бағытындағы жұмыстармен танысу мақсатында ЮНИСЕФ өкілдері емханамызға қайта жұмыс сапарымен келді.
Бұл жолғы кездесу – алдыңғы сапар барысында басталған ынтымақтастықтың жалғасы болды. Мамандар орталық қызметінің қазіргі нәтижелерін саралап, атқарылған жұмыстар бойынша талдау жасады.
Кездесу аясында тәжірибе алмасу алаңы ұйымдастырылып, психологиялық орталықтың қызметкерлері соңғы айларда енгізілген әдістер мен практикалық тәсілдер туралы баяндады.
Орталық психологы балалар мен жасөспірімдердің эмоционалдық жай-күйін ерте анықтаудың маңыздылығын атап өтіп, қауіп тобындағы жасөспірімдермен жүргізіліп жатқан нақты жұмыс алгоритмдерімен бөлісті. Сонымен қатар, өткен кезеңмен салыстырғандағы көрсеткіштер талқыланып, оң динамика байқалғаны айтылды.
Кездесуге сондай-ақ Жастар орталығының төрағасы мен Психикалық денсаулық орталығының директоры қатысты
Сапар қорытындысы бойынша тараптар алдағы уақытта да бірлескен жобаларды жалғастыруға ниетті екендерін білдірді.